«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 334 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 334 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын енгізу тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) орталық мемлекеттік органдар әкелетін жекелеген тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларын құзыреті шегінде келісу;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6), 35-7) және 35-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«35-1) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекіту;
35-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
35-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу;
Демо – версия документа