(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) «1, 6 ЖӘНЕ 7-СЫНЫПТАҒЫ ҚАУІПТІ ЖҮКТІ ТАСЫМАЛДАУҒА АРН...
Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 671 бұйрығына
5-қосымша
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - автокөлік құралымен 1, 6 және 7 сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат), немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 11476 тіркелген) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) автоматты түрде электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
2) 6 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың бекітілген талаптарына сәйкестігін қарау;
3) 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу:
Редакция документа
Демо – версия документа