«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 647 бұйрығы
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 647 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
126-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;»;
128-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі және құрылыспен байланысты емес жұмыстар болған әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес (0,5%) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер сатып алу нысанасы болып табылатын тендерде тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің бар болуы үшін әрбір жыл үшін бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.»;
333-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа