(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАН...
Осы редакция 2019 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
2-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидалары
(2019.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін және оларға жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.14.02. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.14.06. № 242 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2019.04.01. № 5 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.27.03. № 146 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыр жұмыстар - жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
2) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Редакция документа
Демо – версия документа