Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 282/НҚ бұйрығы

«Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 282/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:

1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді, пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.

2. Пошта қызметіне мынадай пошта байланысының көрсетілетін қызметтері жатады:

1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

2) тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

3) пошта байланысының жеделдетілген және курьерлiк көрсетілетін қызметтері;

4) пошталық ақша аударымдары;

5) жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек саудада сату бойынша көрсетілетін қызметтер;

6) пошта төлемінің белгілерін және филателиялық өнімді өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

8) Заңның 9-1-бабына сәйкес арнаулы пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;

9) ұсынылуы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерімен тығыз байланысты көрсетілетін қызметтер:

курьерді үйге шақыру;

мекенжайды толтыру;

пошта жөнелтілімдерін бақылау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку