(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ...
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді жүзеге асыру:
Редакция документа
Демо – версия документа