«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 739 Қаулысы (күші жойылды)
«Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 739 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
97-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі - паспорт).
Документ утратил силу
Демо – версия документа