Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН ЖӘНЕ ҚАЗ...

Осы редакция 2019 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ 730 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 945 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.28.12. № 945 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) порталға өтініш жасаған сәттен бастап:

лицензия беру кезінде -15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку