Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесін кұру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 маусымағы № 598 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесін кұру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Халықаралық ұйымдардың және шетелдік компаниялардың, олар ұсынған үміткерлердің Қазақстан Республикасының экономикасына жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істейтін инвесторлар үшін кемінде 500 миллион АҚШ долларына және экономиканың өзге де секторларындағы инвесторлар үшін кемінде 125 миллион АҚШ долларына баламалы сомада тікелей инвестициялар салуы Кеңестің мүшелігіне қабылдану үшін негізгі өлшем болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және инвестициялық процестерді жандандыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысатын халықаралық және өзге де ұйымдардың, банктердің өкілдері де Кеңестің мүшелері бола алады.

Алайда, үміткерлерге алдымен Комиссияның шешімі бойынша Кеңестің байқаушысы мәртебесі беріледі.»;

14-тармақ алып тасталсын;

15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жұмыс органы өтінімдерді олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қарайды және олар осы Ереженің 13-тармағында белгіленген өлшемдерге сай келген жағдайда, Комиссияның қарауына шығарылады.

16. Егер Кеңестің жұмыс органының ұсынымына сәйкес үміткер осы Ереженің 13-тармағында белгіленген өлшемдерді қанағаттандырмаса, бірақ қызметін экономиканың басым секторында жүзеге асырса, үміткердің өтінімі төменде келтірілген шарттардың кемінде 6-ына сәйкес болған жағдайда, Кеңес байқаушыларының құрамына қосу үшін Комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку