«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 336 Қаулысы (күші жойылды)
«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 336 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 65, 600-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жаза өтеу кезеңінде қосымша немесе өзге көмек алу мүмкіндігі туындаған жағдайда жеке бағдарламаға екі жақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
Егер жазасын өтеген адамның баспанасы жоқ болған немесе баспанасынан айрылып қалған жағдайда пробация қызметінің қызметкері адамның келісімімен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша тұру ұйымдарына орналастыру үшін оны жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:
1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;
2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;
Документ утратил силу
Демо – версия документа