«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 25 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 25 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлықтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
19, 20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Резидент-заңды тұлғалар (уәкілетті банктерді қоспағанда) шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға бір уәкілетті банктен бір операциялық күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын баламасында елу мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға сатып алады.
Демо – версия документа