«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 274 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 274 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік):
1) азаматтардың денсаулығын сақтау;
2) медицина және фармацевтика ғылымы, білім беру және өнеркәсіп;
3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы және оның айналысын бақылау;
4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
6) тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі;
7) биологиялық қауіпсіздік салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88) бюджеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу қағидаларын, медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 323-72), 323-73), 323-74), 323-75), 323-76), 323-77), 323-78) және 323-79) тармақшалармен толықтырылсын:
«323-72) денсаулық сақтау саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Демо – версия документа