Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ, БАСҚА ДА Ә...

Осы редакция 2019 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығымен; 2016.02.02. № 187 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тәртіптік жарғысы жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Президентінің

2007 жылғы 5 шілдедегі

№ 364 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
тәртіптік жарғысы

(2017.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

Осы Жарғы әскери тәртіп ұғымы мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін, көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің (бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін айқындайды.

Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге қолданылады.

Әскери қызметшілер өздерінің әскери атақтарына, қызметтік жағдайына және сіңірген еңбегіне қарамастан, осы Жарғының талаптарын қатаң басшылыққа алуға тиіс.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Әскери тәртіп - әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен (өкімдерімен) белгіленген қағидаларды қатаң және нақты сақтауы.

2. Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін басты шарттардың бірі болып табылады.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өз әскери борышын және өз Отаны - Қазақстан Республикасын қорғауға деген жеке жауапкершілігін сезінуіне, өз халқына шексіз адалдығына негізделеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку