«Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 365 бұйрығы (күші жойылды)
«Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 365 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа