«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 73 бұйрығы
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 73 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14108 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шартты, сондай-ақ оны жасасу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт жасасу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»;
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін қосу туралы үлгілік шартта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін қосу туралы үлгілік шарт»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шартта мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:
Демо – версия документа