«Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 438-НҚ бұйрығы
«Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 438-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің кезеңділігін белгілеу қағидаларында және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификат нысанында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралы иесінің (пайдаланушының), өлшем құралдарын дайындаушының, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - өтініш берушілер) өтінімі негізінде жүргізіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Өлшем құралдарын бастапқы, мерзімді және кезектен тыс салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу өлшем құралдарының типін бекітуге арналған сынау және метрологиялық аттестаттау рәсімі кезінде ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасының тиісті бөліміне басылатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, сондай-ақ осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты берумен куәландырылады.
Демо – версия документа