(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 269 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 тіркелген, 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 187 (1784) Заң газетінде жарияланған) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасында:
1. Жоғары медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары деген бөлімде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Гематология (ересектер)»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Онкология және гематология (балалар)»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Онкология (ересектер)»;
Редакция документа
Демо – версия документа