(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРIНЕН МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАЛАРЫН БЕРУ» МЕМ...
Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2016.26.02. № 183 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына
5-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.26.01. берілген өзгерістермен)
1. «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мекенжай анықтамасын беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа