Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 40 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) арнаулы атақтар берілетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар) бекітілсін.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 10.»;

15-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«25) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша шешімдерді қарау және қабылдау, сондай-ақ осы жолданымдарда көрсетілген жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

1) Агенттіктің жұмысына басшылық жасауды және қызметін үйлестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

2) Агенттіктің атынан орындауға міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде – өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін (жұмыскерлерін), аумақтық органдардың басшыларын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекеменің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку