«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (сызбасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру » мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына 4-қосымша) (2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.25.02. № 98 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2018.19.12. № 1601 бұйрығымен (бұр.ред.қара) регламент жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 300 бұйрығына 4-қосымша
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру.
2 тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа