Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 706 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 706 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен қамтамасыз етіледі.»;

35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку