Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 258 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 258 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

2) биологиялық әртүрлiлiктi және тектік қорды сақтау мақсатында өсiмдiктер дүниесі объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсiрудi, сондай-ақ табиғатты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку