«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 Қаулысы (2023.19.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 Қаулысы
(2023.19.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 359 Қаулысымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2023.05.08. № 646 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа