(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2021 – 2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ...
ҚР Үкіметінің 2022.02.02. № 43 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2023 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
қағидалары
(2023.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022.19.07. № 505 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2022.19.07. № 505 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;
2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері;
Редакция документа
Демо – версия документа