Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 190 Қаулысы

«Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 190 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

мүлікпен жасалатын мәмілелер міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер тіркеуге жататын кепілмен қамтамасыз етілген берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен қамтамасыз етілген, құны берілетін қарыз сомасын толық жабатын қарыздарды;

берілетін қарыз сомасын толық жабатын ақшамен қамтамасыз етілген қарыздарды;

білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку