Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 181-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне су қорын қорғау
және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 138-баптың екінші бөлігінде:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Су объектілері мен су ресурстарын байқайтын мемлекеттік пункттерді, арнаулы ақпараттық белгілерді және ортақ су пайдалануға шектеулер мен тыйым салу белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру -»;

екінші абзацтағы «бес», «отыз», «жетпіс» және «бір жүз» деген сөздер тиісінше «елу», «үш жүз», «жеті жүз» және «бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 141-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«141-бап. Су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу»;

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су объектілерін заңсыз басып алу, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ су қорына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелерді жасау -»;

екінші абзацтағы «отыз», «қырық», «алпыс» және «екі жүз алпыс» деген сөздер тиісінше «бір жүз елу», «екі жүз», «үш жүз» және «бір мың үш жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнаулы су пайдалануды рұқсатсыз жүзеге асыру, су ресурстарын нысаналы пайдаланбау, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерінен асыру, бекітілген су режимін және арнаулы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау -»;

екінші абзацтағы «он», «жиырма», «отыз» және «бір жүз жетпіс» деген сөздер тиісінше «елу», «бір жүз», «бір жүз елу» және «сегіз жүз елу» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

3) 164-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы, үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы және төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «пайдалану және қорғау» деген сөздер «қорғау және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 299-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу»;

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы және 5) тармақшасындағы «бөгеттердің» деген сөз «гидротехникалық құрылысжайлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші және төртінші бөліктер алып тасталсын;

5) 358-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«358-бап. Су объектілерін және олардағы су ресурстарын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу, сондай-ақ судың зиянды әсерін алдын алу жөніндегі шараларды қабылдамау»;

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін объектілерді пайдалануға беру талаптарын бұзу -»;

екінші абзацтағы «жиырма», «қырық», «жетпіс» және «бір жүз қырық» деген сөздер тиісінше «бір жүз қырық», «екі жүз сексен», «төрт жүз тоқсан» және «тоғыз жүз сексен» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының су заңнамасында айқындалған су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізбеу, жерүсті су объектілеріне санациялауды жүргізбеу, су ысыраптарының көлемін қысқарту, айналымдық және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелеріне кезең-кезеңімен (бес жылдан аспайтын) көшу, қолда бар ең озық технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамау, сондай-ақ елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көліктік инфрақұрылым объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді тасқын және еріген сулардан қорғаудың инженерлік жүйелерін құру және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелерін және жерасты сулары кен орындарын толықтыру үшін бұру және (немесе) қайта бөлу жөніндегі шараларды қабылдамау, жерүсті су объектілерінің су жайылған учаскелерінде ормандандыруды жүргізбеу -»;

екінші абзацтағы «жиырма», «отыз төрт», «бір жүз» «бір жүз қырық», және «әкеп соғады» деген сөздер тиісінше «бір жүз қырық», «екі жүз отыз сегіз», «жеті жүз», «тоғыз жүз сексен» және «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 359-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«359-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу»;

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, құрылғыларын, алынған және ағызылған су ресурстарының көлемін өлшеу құралдарын, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін бүлдіру, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды жұлып тастау -»;

екінші абзацтағы «он», «жиырма», «жиырма бес», «елу» және «әкеп соғады» деген сөздер тиісінше «бір жүз», «екі жүз», «екі жүз елу», «бес жүз» және «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзу -»;

екінші абзацтағы «он», «жиырма», «жиырма бес», «елу» және «әкеп соғады» деген сөздер тиісінше «бір жүз», «екі жүз», «екі жүз елу», «бес жүз» және «алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) мынадай мазмұндағы 359-1-баппен толықтырылсын:

«359-1-бап. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді бұзу

1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде инженерлік-техникалық қамтамасыз ету объектілерінің техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу -

жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіп төндіретін гидротехникалық құрылысжайларды көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізбеу немесе тиісінше жүргізбеу, сондай-ақ оны жүргізу мерзімдерін бұзу -

жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есеп тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

3. Гидротехникалық құрылысжайларды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясынсыз пайдалану -

жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жеті жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

8) 360-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«360-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметті заңсыз жүзеге асыру»;

бірінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ғимараттарды, құрылысжайларды және басқа да объектілерді жерүсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз салу, су объектісінің шекараларын заңсыз өзгерту -»;

екінші абзацтағы «жиырма», «қырық бес», «жетпіс» және «екі жүз елу» деген сөздер тиісінше «бір жүз жиырма», «екі жүз жетпіс», «төрт жүз жиырма» және «бір мың бес жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жерасты суларын алу үшін ұңғымаларды заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылысжайларын заңсыз салу-»;

екінші абзацтағы «он», «қырық», «елу бес» және «бір жүз елу» деген сөздер тиісінше «алпыс», «екі жүз қырық», «үш жүз отыз» және «тоғыз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«3. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын бұзу -

жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

9) 361-баптың екінші абзацындағы «он», «жиырма», «отыз бес» және «жетпіс» деген сөздер тиісінше «бір жүз», «екі жүз», «үш жүз» және «жеті жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 362-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Суды алу, пайдалану және су бұру туралы деректерді бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбау -»;

11) 363-баптың екінші абзацындағы «он» және «жиырма» деген сөздер тиісінше «бір жүз» және «екі жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 365-бапта:

бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

13) 698-баптың бірінші бөлігіндегі «бөгеттер» деген сөз «гидротехникалық құрылысжайлар» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 708-бапта:

тақырыптағы «пайдалану және қорғау» деген сөздер «қорғау және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөлікте:

«пайдалану және қорғау» деген сөздер «қорғау және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;

«299 (бірінші, екінші (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздер «299 (бірінші және екінші бөліктерінде (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«359,» деген цифрлардан кейін «359-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

«360 (екінші бөлігінде)» деген сөздер «360 (екінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлікте:

1) тармақшада:

«суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары» деген сөздер «су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары, су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары мен олардың орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«отыз беске», «жетпіс беске» және «төрт жүзге» деген сөздер тиісінше «екі жүзге», «жеті жүз елуге» және «екі мыңға» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар» деген сөздер «су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«отызға», «алпыс беске» және «екі жүз жетпіске» деген сөздер тиісінше «бір жүз жетпіске», «жеті жүзге» және «бір мың сегіз жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшада:

«суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар» деген сөздер «су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары, су шаруашылығы бассейн дерінің мемлекеттік инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жиырма беске», «алпысқа» және «екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.» деген сөздер тиісінше «бір жүз елуге», «алты жүзге» және «бір мың бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы Кодекстің 164-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.»;

15) 804-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «пайдалану мен қорғау» деген сөздер «қорғау және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті

 

        Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 9 сәуір

                № 181-VІІІ ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ не введен в действие

Укажите название закладки

Создать новую папку