(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) СПОРТ РЕЗЕРВІН ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯ...
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.19.09. № 263 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің
қағидалары
(2021.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.19.09. № 263 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.14.05. № 128 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі - спорт мектептері) қызметінің тәртібін айқындайды, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі - мүгедектер) (бұдан әрі - оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа