(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ ЖАТПАЙТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒА...
Осы редакция 2018 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің2016.29.02. № 100 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 301 бұйрығына
5-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.29.02. берілген өзгерістермен)
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Министрліктің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» мемлекеттік емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
Редакция документа
Демо – версия документа