«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 210 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11089 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 72 (28800) санында жарияланған);
2) «Әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 4 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13020 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа