«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 4 Қаулысы
«Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 4 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендірудің 2021 - 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 5.3-жол мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12) және 12.1) жолдармен толықтырылсын:
«
12) | «Тегіс Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында: | |||
12.1) | «Маңғышлақ Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
»;
реттік нөмірі 6.4-жолдың реттік нөмірлері 3) және 3.1) жолдары алып тасталсын;
Демо – версия документа