Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТӨТ...

Осы редакция 2020 жылғы 22 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 1 қазандағы

№ 662 бұйрығына

37-қосымша

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.06. № 574 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.12. № 1054 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

(2019.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.06. № 574 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.12. № 1054 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку