«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 8 Қаулысы (күші жойылды)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 8 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы барлық қолданыстағы кредиттер ескеріле отырып, бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі. Даму банкі қаржыландыратын жобалар бойынша субсидияланатын кредиттің ең жоғары сомасы шектелмейді. Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа