Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТ...

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 27 Қаулысы

 

 Осы редакция 2019 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 386 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8319 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 маусымда № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалына (бұдан әрі - Филиал) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

1) есептік тіркеуден өткені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;

2) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер;

3) ішкі бақылау қызметі туралы ереже (бар болса);

4) мыналарды:

микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын;

микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің (қызметтерді әлеуетті тұтынушылар, ағымдағы жағдай және олардың нарықтағы үлесінің динамикадағы болжамы) айқындамасын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку