«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 312 бұйрығы
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 312 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімінде:
«Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнімді экспорттау, кері экспорттау, транзиттеу және қайта өңдеу кезінде ерекше тауарлардың бақылауына жататын өнім» деген бөлімде:
2В001.b тармағы 5 тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«5. Сандық бағдарламалық басқарылатын (8458 тауар позициясындағы токарлық станоктар мен көп мақсатты токарлық станоктардан, айналмалы басы бар станоктардан, бұрғылау станоктарынан, бұрғылау-фрезерлік станоктардан, бұрғылау станоктарынан және тізе үлгісіндегі фрезерлік станоктардан басқа):
a. аспаптық (СЭҚ ТН коды 8459 61 100 0);
b. орналасу дәлдігі 0,01 мм-ден төмен емес және жұмыс аймағы бар: Х осі-1800 мм, у осі-2000 мм, Z осі-1100 мм (СЭҚ ТН коды 8459 61 900 1).»;
2В001.g тармағы 3 және 4 тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«3. Көп мақсатты металл кесетін, көлденең: сандық бағдарламалық басқарумен(көп мақсатты токарлық станоктарды қоса алғанда) (СЭҚ ТН коды 8458 11 200 0);
а. авиация өнеркәсібі үшін жоғары жылдамдықты жетегі бар (6000 айн/мин және одан көп, бірақ 8000 айн/мин аспайтын) (СЭҚ ТН коды 8458 11 410 1);
в. көп шпиндельді (СЭҚ ТН коды 8458 11 490 0).
4. Көп мақсатты металл кесетін сандық бағдарламалық басқарумен (көлденең токарлық станоктарды қоспағанда):
Демо – версия документа