«Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 Нормативтік қаулысы (2023.28.12. берілген өзгерістермен)
Баланың туу тегін анықтауға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 16 Нормативтік қаулысы
(2023.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «талап қою арызы», «талап арызды», «қойылған талапты», «талапты толық» деген сөздер тиісінше «арыз», «талап қоюды», «талап қоюды толық» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Баланың туу тегіне байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған баланың туу тегі ата-аналар мен баланың құқықтары мен міндеттерінің туындауы үшін негіз болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 46-бабының 2-тармағы)).
Баланың әкесі (анасы) болу мәселелері бойынша дау туындаған жағдайда, баланың туу тегі туралы, атап айтқанда, әке болуды анықтау; әке (ана) болуды даулау және баланың тууы туралы акт жазбасынан баланың әкесі (анасы) туралы мәліметтерді алып тастау туралы дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 14-тарауының талаптарын сақтай отырып, талап қою ісін жүргізу тәртібімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешеді.
Баланы нақты осы әйел туған фактісін анықтау, әке болуды тану фактісін немесе әке болу фактісін анықтау туралы істерді АПК-нің 32-тарауында белгіленген қағидалар бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шешеді.
2. Балалардың туу тегін анықтауға байланысты дауларды бала туғаннан кейін ғана сот шеше алатынын соттардың ескергені жөн.
Демо – версия документа