«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына азаматтық және азаматтық процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Соттардың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстердi қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2012 жылғы 31 мамырдағы № 2, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 10-тармақтағы үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттың ерлі-зайыптыларды татуластыру үшiн істі талқылауды кейiнге қалдыру жөнiндегi ұйғарымы бөтен адамдардың қатысуын және кеңес құпиясының жария етілуін болғызбайтын жағдайларда шығарылады. Бұл ұйғарым iстiң одан әрі қозғалысына бөгет болмайтындықтан, АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігіне байланысты оған шағым берілмейді немесе кассациялық тәртіппен наразылық келтiрілмейді.»;
2) 22-тармақтың үшінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын;
3) 23-тармақтағы «, ал кейбiр жағдайларда шешiм көшiрмесi некенiң (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тiркеу үшiн тіркеуші органдарға жiберiлмей тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
4) 28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеп жазған кезде АПК-нің 282-бабының төртінші бөлігіне сәйкес қысқаша хаттама толтырылады.»;
2. «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6, 2016 жылғы 25 қарашадағы № 9, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақта:
Демо – версия документа