Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМ...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1060 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2020 жылғы 1 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың

мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

қағидалары

(2020.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)/«Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі - Тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

3. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарына қолжетімділікті кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

ҚР Үкіметінің 2020.20.04. № 225 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Кепілдік беру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

ҚР Үкіметінің 2020.20.04. № 225 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку