(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.06 № 668 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 668 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Астанатопография», «Шығысгеодезия», «Батысгеодезия», «Қазгеокарт», «Солтүстікгеодезия», «Оңтүстікгеодезия», «Орталықмаркшейдерия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық к»сіпорнына (бұдан әрі - «Қазгеодезия» РМҚК) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Қазгеодезия» РМҚК-нің мемлекеттік басқару органы;
2) «Қазгеодезия» РМҚК қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Редакция документа
Демо – версия документа