«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 99 Қаулысы
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 99 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«98. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау - банктің уәкілетті алқалы органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:
1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Демо – версия документа