«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 128 бұйрығы
«Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 128 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.»;
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:
1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жүйелік оператор бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін электр энергиясын сатуға арналған өтінімді және (немесе) сатып алуға арналған өтінімді, сондай-ақ оларды түзетуді Тұтынушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жасайды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары).»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өнім берушінің:
Демо – версия документа