Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИН. М. А. 2015.26.06 ...

Осы редакция 2016 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрі міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 маусымдағы

№ 727 бұйрығына 3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу

куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба

ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 8) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, кері қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) объектілік сәйкестендіру (бұдан әрі - OID) - бұл объектімен байланысқан және оны бір мәнді етіп объектілердің әлемдік адрестік кеңістігінде сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтағы;

2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі - АКҚҚ) - криптографиялық түрлендірудің алгоритмдерін, кілттерді құрастыруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын құрал;

3) кері қайтарып алынған тіркеу куәлігі - қолданысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тоқтатылған, ҰКО берген тіркеу куәлігі;

4) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі - ҚТКТ) - қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, қайтарылған күні және себебі туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку