(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫҢ КЕЙБІ...
Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикаының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лицензиар;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметін жүзеге асыратын лицензиар;
Редакция документа
Демо – версия документа