«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 295 бұйрығы
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 295 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының үлгілік нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 23 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағалар бойынша сатып алу үлгілік шартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға - аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, ЖЭК пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;
2) беру нүктесі - ЖЭК пайдалану объектісін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;
3) берілетін ай - тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 24.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
4) берілетін электр энергиясы - беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, ЖЭК пайдалану объектісі өндірген барлық электр энергиясы;
Демо – версия документа