(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНА...
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық
Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне,
Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы
2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2017 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне (бұдан әрі - халықаралық ұйымдарға) мүшелігінің құқықтық шарттарын айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелігi
1. Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта Қорының (бұдан әрі - ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ХҚДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясының (бұдан әрі - ХҚК), Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрі - ХДҚ), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігінің (бұдан әрі - ИККА), Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың (бұдан әрі - ИДРХО), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі - ЕҚДБ), Азия Даму Банкінің (бұдан әрі - АДБ), Ислам Даму Банкінің (бұдан әрі - ИДБ) мүшесі болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа