(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКСПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ОРНЫ АУЫСТЫРЫЛАТЫН (ТАСЫМАЛДАНАТ...
Осы редакция 2019 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019.22.01. № 21 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
1-қосымша
«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
Редакция документа
Демо – версия документа