«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 105 бұйрығы
«Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 105 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11602 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына:
12, 13, 14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын сақтамау салдарларына қарай қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың мынадай түрлеріне (топтарына) бөлінеді:
күйреу;
авария;
оқиға;
инцидент.
13. Нәтижесінде адамдар қаза болған немесе теміржол жылжымалы құрамы, арнайы жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалған магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары поездардың күйреуіне жатады.
14. Нәтижесінде адамдар ауыр дене жарақаттарын алған немесе теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының күрделі жөндеу көлемінде бүлінген, магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шарттар бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары аварияға жатады.
Демо – версия документа