«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 112 Қаулысы
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 112 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарда:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Цифрлық трансформациялау шеңберінде МО мен ЖАО-ны цифрландыру «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту не «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкес «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін немесе ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу жолымен, оның ішінде мыналар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) платформалылық – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ведомствоаралық орталықтандырылған технологиялық платформаларын және мемлекеттік басқарудың әртүрлі салалары (аялары) шеңберінде ортақ техникалық міндеттерді шешу құралдарын қалыптастыру және тұрақты дамыту;
2) шешімдердің әмбебаптығы – үлгілік қолданбалы міндеттерді шешу және қамтамасыз етуші үлгілік мемлекеттік функцияларды автоматтандыру үшін дайын бағдарламалық қамтылым мен сервистік бағдарламалық өнімдерді айқындау және олардың пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Демо – версия документа