Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕРБОУТ-ЧАРТЕР ТІЗІЛІМІНДЕ ТЕҢІЗ КЕМЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТ...

Осы редакция 2018 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 558 бұйрығына

3-қосымша

 

 

 «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттiк қызметтi Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.elicense.kz, www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті беру - 10 (он) жұмыс күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушіге, порталға жүгінген кезде:

кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнде тiркеу мерзiмiн ұзарту - 10 (он) жұмыс күн ішінде;

бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңiз кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікттің телнұсқаны беру, кеменi бербоут-чартер тiзiлiмiнен шығару - 2 (екі) жұмыс күн;

3) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку