«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 977 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 977 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
2) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
3) осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;
Демо – версия документа