Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 773 бұйрығы

 «Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 773 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1096 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13046 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру қағидаларына:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу бойынша ішкі істер органының жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық полиция басқармаларының және бөлімдерінің (бұдан әрі - ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ) бірінші басшыларына жүктеледі.

3. Табиғатты қорғау іс-шараларына табиғатты қорғау полициясы бөліністерінің қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыруды ПД, Көліктегі ПД, ҚАПББ жергілікті полиция қызметінің бастықтары жүзеге асырады.»;

4 - тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - Уәкілетті мемлекеттік органдар) қоршаған ортаны қорғау, күзету, жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша көмек көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку